Спорт
1 мин оқу 160
Бұйырғаны – бір жүлде
<p style="text-align: justify;">Дзюдодан Израильдің Тель-Авив қала­сында өткен жылдың шымыл­дық ашар Гран-при жарысында қазақ­стандық спортшылар ел қоржынына бір ғана жүлде салды.</p>

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Тель-Авив татамиіне шыққан 66 килодағы Ерлан Серікжанов турнирдің финалына дейін жеткен болатын. Өкінішке қарай, бас жүлде үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея өкілі, әлем және Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Ан Баулдан «иппонмен» жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.
Гран-при жарысына Қазақстан құрамасынан 20 дзюдошы қатысқан болса, 19 балуанымыз іріктеу бәсекесінен әрі аса алмады. Енді отандастарымыз ақпан айының 8-9 күндері Парижде өтетін Гранд-слэм додасында бақ сынайды.
Бөлісу: