Парламент
1 мин оқу 184

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Алдағы сәрсенбіде Мә­жіліс депутаттары бірқатар рати­фикациялық заң жобасын талқылайды деп күтілуде. 

Атап айтар болсақ, депутат­тар назарына Дүниежүзілік пош­та одағының Жарғысына Тоғы­зыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Хатта­маның мақсаты – сапалы, қол­жетімді, әмбебап пошта қыз­­меттерін дамытуды ынта­­лан­дыруға мүм­кіндік бе­р­е­тін ата­л­ған одақ шең­­берін­де ха­­лық­аралық пош­та алмасу және халықаралық пош­та жөнелтілімдерінің тран­зитін қамтамасыз ету бойын­ша Қазақстан қабылдаған мін­дет­темелерді орындау.

Сондай-ақ осы күні Өзбек­станмен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралмақ.

Тараптар келісімге сәй­кес, өз мемлекеттерінің заңна­ма­сына және халықаралық мін­деттемелеріне сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы күресте ын­тымақтастық жасайды.

Бөлісу:
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар