Қ.Тоқаев БАӘ-нің Құрметті қонақтар кітабына тілек қалдырды
<p class="p2" style="text-align: justify;"><span class="s1"><strong></strong>Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.</span></p>

Қ.Тоқаев «Әл-Уатан» сарайына келгеннен кейін Қазақстанның әнұраны ойналды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы мен БАӘ тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян бірлескен суретке түсіп, өзара делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты шарадан кейін Қ.Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.
«Еліңіз бен «Әл-Уатан» сарайындағы жылы қабылдауыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің достығы мен бауырластық қарым-қатынастары нығая берсін. Әмірліктер халқының ырысы мен берекесі баянды болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев» делінген Құрметті қонақтар кітабында жазылған тілекте.
Айта кету керек, Президент Қ.Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары екі күнге жалғасады. Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен екіжақты кездесу өткізгеннен кейін БАӘ-нің бизнес өкілдерімен кездесу жоспарланған.