Жаңалықтар
1 мин оқу 145
Ингушетия Үкіметі екінші рет отставкаға кетті
<p style="text-align: justify;">Ингушетия басшысы Махмуд-Али Калиматов дүйсенбіде соңғы бес айда екінші рет өңірлік Үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. </p>

«Менің шешіміммен Ингушетия Республикасының үкіметі отставкаға кетті» деп жазды Махмуд-Али Калиматов Instagram желісіндегі аккаунтында.
2019 жылы қыркүйекте Калиматов Ингушетия басшысы болып сайланғаннан кейін Үкіметті тарату туралы жарлыққа қол қойды. 12 қазанда Парламент Республиканың Премьер-Министрі қызметіне Константин Суриковты тағайындауды мақұлдады. Осыдан кейін өңір басшысы Үкіметте біршама ауыс-түйіс жасады, алайда Министрлер кабинетін жасақтау шарасы толыққанды аяқталмаған еді.
Бөлісу: