Экономика
1 мин оқу 130
Руслан Дәленов: Сауда саясаты бойынша бағдарлама әзірленеді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сауда саясаты бойынша бағдарлама әзірленетінін айтты.</p>

«Өткізу нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және электрондық сауданы дамыту бойынша шаралар іске асырылатын болады», - деді министр өз сөзінде.
Сондай-ақ ол әлеуметтік саясат бойынша әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізілетінін сөз етті. Министрдің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленетін болады.
Бөлісу: