Қысқы спорт
1 мин оқу 220

Швейцарияда биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Швейцарияның Ленцерхайде өңірінде биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Швейцарияда биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр

Кеше 15 шақырымдық жекелей сында ерлер жарыс жолына шықты. Қазақстан құрамасы атынан бақ сынаған спортшылар нәтижесі төмендегідей:

Владислав Киреев екі айып уақытымен  5-ші болып мәреге келді. Ал Александр Мухин 24-ші (4 айып уақыты), Дастан Делдеш 87-ші (7 айып уақыты), Бекентай Тұрлыбеков 89-орын алды.

Жарыс қорытындысы бойынша германиялық Макс Барчевитц (40:15.8) алтын, норвегиялық Вебйорн Соэрум (+18,7) күміс, швейцариялық Себастьян Сталдер (+46,7) қола жүлдеге ие болды. Әлем чемпионаты 2 ақпанға дейін жалғасады. 

Бөлісу: