Қызылорда: Зират қоршауын ұрлағандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Биыл 9 қаңтарда Қызылорда қаласының іргесіндегі Ж.Махамбетов ауылының тұрғындары полиция бөліміне белгісіз біреулердің зираттың темір қоршаулары мен қақпасын ұрлап кеткендігі туралы арызданған болатын.</p>

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері жедел әрекет етіп, осы ұрлыққа қатысы бар деген 2 күдіктіні ұстады. Тексере келгенде олардың ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне өткізгені белгілі болды. Күдікке ілінген екеудің қалада жасалған тағы осындай 2 қылмысқа қатысы бар екендігі де анықталды.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір күдіктілер Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.