Аймақтар
1 мин оқу 250

Бақытжан Сағынтаев МӘМС енгізілуіне байланысты емханаларды аралады

<p style="text-align: justify;">Алдын айта кету керек, биылғы жылдың 31 наурызына дейін&nbsp;барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеліп, мәртебесіне қарамастан МӘМС шеңберінде медициналық көмекке жүгіне алады.</p>

Бақытжан Сағынтаев МӘМС енгізілуіне байланысты емханаларды аралады

Дегенмен, 1 сәуірден бастап барлық азаматтар сақтандырылған болуы керек. Өйткені медициналық қызметтердің толықтығы мен сапасы осыған байланысты болмақ.

Сонымен бүгін қала қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық қалалық клиникалық ауруханасы мен №4 қалалық емханасында болып, бұл емдеу мекемелерінің МӘМС жүйесі бойынша қалай жұмыс істеп жатқанын тексерді. 

Мегаполис әкімі осы жаңа жүйе бойынша медициналық көмек көрсету жұмысымен танысып, ақпараттық жүйелердің, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің дайындығы мен пациенттердің бұл жүйеге деген пікірін сұрастырды.

Сондай-ақ Алматыдағы медициналық ұйымдарында қолдау қызметтері жұмыс істейді. Онда пациенттерге емханаға тіркелуге және МӘМС жүйесінің қатысушысы болуға көмек беріледі. МӘМС-ке төлем жүргізу үшін терминалдар саны артады.

1

«Алматылықтарды денсаулыққа қатысты маңызды мәселені кейінге қалдырмай, емханаға жүгінуге шақырамын» деп жазды Б.Сағынтаев өзінің ресми Instagram парақшасында.

Өз кезегінде МӘМС-ті енгізу процесіне қалалық штаб жетекшілік етеді.

Алматы қаласы әкімдігі қанадй да сұрақтар туындаған жағдайда +7 (727) 300-0103 телефоны арқылы, сондай-ақ 1406 нөмірі бойынша республикалық Call-орталығына хабарласу қажетттігін ескертеді.

Және бұл күндері Алматыда БДСҰ ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары күшейтіліп отыр.

Бөлісу:
Бақытжан Сағынтаев МӘМС енгізілуіне байланысты емханаларды аралады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар