Әлем
1 мин оқу 440
Украиндар мен белорустарға Ресей азаматтығын алу жеңілдейді
<p style="text-align: justify;">Ресей ІІМ Көші-қон жөніндегі бас басқармасының бастығы Валентина Казакова украиндар мен белорустар үшін Ресей азаматтығын алу процедураларын жеңілдету үшін заң жобалары әзірленгенін айтты. Бұл туралы RT жаңалықтар сайында хабарланған болатын.</p>

«Біздің ең жақын көршілеріміз - Беларусь пен Украина азаматтары үшін азаматтық алу процедураларын жеңілдететін заң жобалары әзірленді, оларды біз орыс тілін білуден және сұхбат алудан босатуды ұсынамыз», - деді Казакова.
Бұған дейін «Известия» газеті жазғандай, Казакова 2019 жылы Донбасстың 200 мыңнан астам тұрғыны Ресей төлқұжаттарын алғанын хабарлады.
Бөлісу: