Аймақтар
1 мин оқу 501

Банкке барып кітап оқыңыз

<p style="text-align: justify;">С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен &laquo;Библиокеруен&raquo; атты тың жобаны қолға алды. Жаңа жоба аясында кітапханашылар өңірдегі кейбір мекемелер мен ұйымдарға барып көшпелі көрме өткізеді.</p>

Банкке барып кітап оқыңыз

Алғашқы кітап көрмесі облыс орталығындағы Естай көшесі 40 үй мекенжайында орналасқан «Халық Банк» АҚ бөлімшесінде өтті. Аталған кітап көрмесіне об­лыстық кітапхананың сирек кездесетін кітап қорынан таңдаулы туындылар қойылды. Сөредегі кітаптардың ең көнесі 1777 жылы жарық көрген. Бұдан бөлек, ұлы ойшыл, философ, ақын Абай Құнанбайұлының шығар­машылығынан сыр шер­тетін кітаптар да көрмеден орын алды. Атап айтсақ, М.Әуезов дайын­даған 1945 жылы Ресей астанасы Мәскеуде жарық көрген Абайдың таңдамалы шығармалар жинағы, 1936 жылы басылған Вс.Рождественскийдің Абай шы­ғар­­маларының аудармасы да көп­шілік назарына ұсынылды.

Көрмені тамашалаушылар Жұбан Молдағалиев, Ақұштап Бақтыгереева секілді басқа да ақын-жазушылардың таңдаулы шығармаларымен танысты.­ Кітапхана ұжымы алда тағы да бірнеше мекемелерге барып,­ дәл осындай шараларды қолға алуды жоспарлауда. Көрмені ұйым­дастырудағы мақсат, халықты жаппай кітап оқуға шақыру, кітапханалардың жұмысын насихаттап, қоғам­да кітап оқу мәдениетін қалып­тастыру.

Бөлісу:
Банкке барып кітап оқыңыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар