Спорт
1 мин оқу 224
Түркияда өнер көрсетеді
<p style="text-align: justify;">3-5 ақпан аралығында Түркияның Ыс­танбұл қаласында таэквондодан ха­лықаралық турнир өтеді. Онда Қазақстанның намысын 11 спортшы қорғайды.</p>

Ерлер арасында Елдос Ысқақ пен Әлімжан Серікбаев (63 кило), Елдар Бірімбай (68 кило), Қайрат Сарымсақов пен Лес Әбдісамат (74 кило), Нұрқанат Қожахмет пен Нұрлан Мырзабаев (80 кило) және Смайыл Дүйсебай мен Руслан Жапаров (+87 кило) күш сынасса, әйелдер сайысында Фариза Алдоңғарова (49 кило) мен Жансел Дениз (73 кило) сынды арулар өнер көрсетеді.
Бөлісу: