Қоғам
1 мин оқу 210

Боранның қарбаласы бітпей тұр

<p style="text-align: justify;">&laquo;QazAvtoJol&raquo; ҰК&raquo; АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Ақмола облысына қарасты Талапкер ауылына кіреберіс жолда республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазарту жұмыстарының барысы туралы баяндады.</p>

Боранның қарбаласы бітпей тұр

Ұ.Әліпов бұл жұмыстар­ға ел көлемі бойынша жұ­мыл­­ды­рылған арнайы техникалардың санына тоқталып, жуырда қа­лааралық қай бағыттарға рұқсат берілетінін атап өтті.

– Қосшы, Қорғалжын бағы­тын­дағы жолдар ашылды. Кешке дейін елордадан Бурабайға, Қара­ғандыға қатынайтын жол­­дарды тазалап бітіреміз. Ертең Қостанай, Павлодар бағытын­­дағы жолдар тазаланады. Пав­­лодар бағытындағы жолда жұ­мыс ауқымы өте көп. Ерей­мен­тау аумағында қар қалың түсті. Осылайша ертең кешке дейін елордадан қаты­найтын бар­лық бағыттағы жолдар­ды таза­лап бітіреміз деп жоспар­лап отырмыз, – деді Ұ.Әліпов.

Оның айтуынша, Ақмола облысы бойынша жолдарды қардан тазартуға барлығы 105 арнайы техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылса, ел аумағындағы техника саны 800-ге жуықтап отыр.

Ұ.Әліпов қарлы боран қаһарына мінген өткен жексенбі күні Бурабайдан Нұр-Сұлтанға қатынаған біраз көлік қар құрсауында қалғанын айтты. Іле-шала «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Төтенше жағ­дайлар комитетінің қызмет­кер­лерімен бірлесе отырып, аталған құрылымдардың арнайы техникалары жолда қалғандарды бастап елордаға жеткізген. Ав­токөліктер легінде бас-аяғы 500-ге жуық автокөлік болған.

Бөлісу:
Боранның қарбаласы бітпей тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар