Үкімет
1 мин оқу 350

Қосымша қорғану шараларын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады.</p>

Қосымша қорғану шараларын қабылдады

Атап айтқанда, 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды. 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап аталған екі ел арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады, 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды, 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Феде­ра­ция кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақ­пан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізіл­мей­тін болды.

Ведомствоаралық комис­сия жағдайды тәуліктік режім­де қа­дағалауда. Биылғы 29 қаң­тардағы жағдай бойынша Қазақ­с­тан Республикасында коро­на­ви­рус инфекциясымен сыр­қат­тану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Бөлісу: