Қоғам
1 мин оқу 260

Билеттердің құны толық қайтарылады

<p style="text-align: justify;">Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайға байла&shy;ныс&shy;ты Қазақстан Үкіметі коронавирустың ел аума&shy;&shy;ғына әрі қарай таралуын болдырмау үшін 27 қаң&shy;тар&shy;дан бастап Алматы &ndash; Нұр-Жолы &ndash; Үрімші, Өс&shy;кемен &ndash; Майқапшағай &ndash; Үрімші, Жаркент &ndash; Қорғас &ndash; Құлжа, Аягөз &ndash; Бақты &ndash; Зимұнай ба&shy;ғыт&shy;та&shy;рында автобус қатынасын уақытша тоқтату туралы ше&shy;шімге келді. Бұл екі бағытта күніне барлығы 14 рейс қатынайтын.</p>

Билеттердің құны толық қайтарылады

Сондай-ақ 1-3 ақпан аралығында екі ел арасын­да­ғы темір жол және әуе қатын­астары уақытша тоқта­­ты­лады. Осыған орай ағым­да­ғы жыл­ғы 3 ақпаннан бас­тап атал­ған рейс­тер­ге билет алғандар оны сатып алған жерлері бойынша қайта­ра алады. Билеттер үшін ақша айып­пұл­сыз рәсімделіп, толық кө­лем­­де қайтарылады. Сапарынан қа­лып қой­ған жолаушыларды елге қай­­тару үшін Бейжің және Үрімші қала­­ла­ры­нан қосымша рейс­тер ұйым­дас­ты­ры­ла­тын болды.

«Нұр-Сұлтан – Үрімжі мен Ал­ма­ты – Үрімжі бағытындағы пойыздар Ақтоғай стансасында бір пойыз болып бірігіп, әрі қарай Үрімжіге бағыт алатын. Ол жаққа билет алғандардың көбі Достық стансасынан түсіп қа­лады. Анықтағанымыздай, Дос­тық­тан әрі қарай Үрімжіге дейін 22 билет алынған екен. Осы 22 адамның ішінде 8-і билетті қайтарған. Қалған 14 адамға операторлар хабарласып, пойыз­дың жүрмейтінін, билет құнын алып кетуі керектігін айтып жатыр», – деді бұл жөнінде ҚР ИИДМ Көлік ко­митетінің төрағасы Самат Ғылы­мов. Ал Азаматтық авиация коми­те­ті­нің төрағасы Талғат Ластаев әуе билеттерінің де толық құны иелеріне қайтарылатынын айтады. Және билеттерге ешқандай комиссия ұсталмайды, толық көлемде қайтарылады.

Бөлісу:
Билеттердің құны толық қайтарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар