Руханият
1 мин оқу 340

Будапештте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілді

<p style="text-align: justify;">2020 жылғы 29 қаңтарда Будапештте Қазақстан Республикасы Елшілігінің Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді. Онда &laquo;Әлем таныған Абай&raquo; кітап-иллюстративті көрмесі мен &laquo;Абай әлемі&raquo; фотокөрмесі ұйымдастырылды. &nbsp;&nbsp;</p>

Будапештте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілді

Мажарстан мен Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымының, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ортасының өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы бастаған абайтанушылар, қазақ диаспорасы, сондай-ақ, қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйреніп жүрген мажарлық студенттер қатысқан іс-шара Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Өкілдігінің ғимаратында өтті.   

Өз сөзінде Елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында саяси-экономикалық қарым-қатынастар ғана дамып қоймай, сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды ілгерілеп келе жатқанын айтты.  

Мажар тарапынан Мажарстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, мажарлық Пен-Клуб президенті Г.Сёч сөз алып, әлемдік мәдени мұраға үлесін қосқан Абайдың еңбегінің терең пәлсапалық ойларына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасында екіжақты мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға берді.   

Іс-шара барысында мажар тілінде М.Әуезовтің «Абай жолы» кітабының тұсаукесері болды.   

Іс-шарадан кейін Будапешт қаласында орталық парктегі Астана көшесінде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болды. Қазақ диаспорасы, сондай-ақ, қазақстандық және мажарлық студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындады. 

1

2

Бөлісу:
Будапештте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар