Президент
1 мин оқу 280

«Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Қазатомөнеркәсіп&raquo; ҰАК&raquo; АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.</p>

«Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады

Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының не­гіз­гі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының бас­қарма төрағасы ұжымдық бас­қару, еңбекті және қоршаған ор­таны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жо­март Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақ­саттарын табысты жүзеге асы­руының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.

Бөлісу:
«Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар