Қазақстан
1 мин оқу 312

Қазақстандық бітімгерлер Үндістанда

<p style="text-align: justify;">Үндістан елінің өкілдерімен бірлескен &laquo;Ливандағы БҰҰ уақытша күштері&raquo; бі&shy;тім&shy;гершілік миссиясын орын&shy;дау бойынша әскери қыз&shy;метшілерді даярлау бас&shy;талды.</p>

Қазақстандық бітімгерлер Үндістанда

Қазіргі таңда құрамында 29 әскери қызметшісі бар қазақ­стандық бітімгершілік полкінің төр­тінші бітімгершілік ротасы Үн­дістандағы Нью-Дели қаласында.

Бір ай бойы оларға бекеттер блогында және бақылау пункттерінде қызмет атқару, базаны күзету және жаяу тәртіпте және автомобиль техникасында патрульдеу бойынша дайындық сабақтары өткізіледі.

Оқу барысында БҰҰ-ның ұйым­дастырылуы мен құ­рылымы, Ливан Республика­сының географиялық орналасуы және миссияны орындау кезінде бітімгершілік күштерінің контингенті басшылыққа ала­тын негізгі нормативтік-құқық­тық акті­лер қаралып, түсін­дірілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы мамыр айында Ли­ван­ға «Ли­вандағы БҰҰ уақыт­ша күш­тері» бітімгершілік мис­сия­сын орын­дау үшін төртінші бітім­гершілік ро­та­сы аттанады. Қазақстандық рота бітімгершілік миссиясын Үнді батальоны құрамында атқарады.

Бөлісу:
Қазақстандық бітімгерлер Үндістанда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар