Технология
2 мин оқу 352

Көңіл күйді көгілдір экранға шығарады

<p style="text-align: justify;">Шымкенттік өнертапқыш бала жаңа бағдарлама ойлап тапты. Сегізінші сынып оқушысы жасаған жобада адамның сол сәттегі көңіл күйі мен мінезі көгілдір экранға дәл беріледі екен. Аталған жаңа бағдарлама шаһардағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған &laquo;Жасампаздық пен ілгерілеу кезеңі&raquo; деген атпен өткен көрмеге қойылды.</p>

Көңіл күйді көгілдір экранға шығарады

Үздіктер қатарынан көрініп жүрген жас жеткіншектің жобасы faceID деп аталады. Оқушы шетелдік жетекшісімен бірлесе отырып 2 айға жуық уақыт шамасында аяқтаған бағдарлама үлкен еңбекті талап еткенін айтады.

«Бұл біздің жобамыз – faceID.html арқылы жасалып, адамның түрін, жасын, көңіл күйін көрсете алады», дейді химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрасыл Маратов.

Жыл сайын 2 рет дәстүрлі түрде өте­тін көрмеде жас өнертапқыштардың адам қызметін жеңілдететін жобалары таныстырылды. Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-12 сынып оқушылары мен облыстағы білім ордаларынан келген жеткіншектер пікір алмасқан шарада роботтехника, ақпарат, цифр­лы аймақ, Steam, Қазақстандағы жасыл аймақ, құрылыс және архитектура, шектеусіз шығармашылық, тәрбие жұмысы сек­ция­­лары бойынша 140-тан астам ғылыми-шығармашылық жоба қойылды.

«Жәрмеңкеде тоғыз бағыт бойынша 114 жобамыз көрсетілді. Оқушыларымыз сабақ оқып қана қоймай, зерттеу жұмыс­та­рымен де айналысады», дейді химия-биология бағытындағы Назарбаев зият­кер­лік мектебінің директоры Балқан Қасымов.

Сондай-ақ аталған көрмеге жиылған ата-аналар мен зияткерлік мектеп түлегі атануға ниетті оқушылар мектеп­ке қа­былдану жасы, мерзімі, сынақ күрделілігі мен ережесі турасындағы сұрақтарға жауап ала алады.

«31 қаңтарға дейін мектебімізде құ­жат­тарды қабылдау жұмыстары жүр­гі­зіліп жатыр. Мектептің жұмыс істеу режімі, ондағы үйірмелер, жалпы зият­керлік мектеп туралы кез келген сұраққа ата-аналар мен оқушылар осы арадан толық жауабын алады деп үміттенеміз», дейді мектеп директоры.

Айта кетерлігі, Көрме орталығында өткен бұл шарада жас ғалымдардың осын­дай жүздеген еңбегі таныстырылды.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу: