Жаңалықтар
1 мин оқу 700

...үздік жас автомеханик есімі аталды

Көлік құралдарына техни­ка­лық қызмет көрсету және жөн­деу мамандығы бойынша кәсіп­тік мектептер оқушылары ара­сын­дағы байқауға аймақ қала­лары мен аудандарындағы осы оқу орындарынан 15 болашақ автомеханик қатысты. <!--more-->Олар алды­мен пәндік тақырыптарға байланысты 100 сұраққа жауап қайтарумен бірге, қалаған кә­сіптерін меңгерудегі икемділік­терін тәжірибе жүзінде сынға салды. Байқау қорытындысында Қарағанды қаласындағы №2 тех­никалық-лицей оқушысы Мак­сим Есипов шыңдала бастаған шеберлігімен ерекше көзге түсті.

Жұмысшы мамандығын иге­руге талпынған жастардың тала­бын ұштауға бағытталған мұндай байқаулар жиі өткізіле бастауда.

Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.

Бөлісу: