Қазақстан
1 мин оқу 265
Елімізде алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 35 градусқа дейін аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК xабарлады.<br /><br /><br /></p>

«Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С аяз болуы ықтимал.
Ал батыс өңірлерге жылы атмосфералық ауа ағындары ауысып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады және ауа температурасы бірден көтеріледі» делінген хабарламада.
Бөлісу: