Әлем
1 мин оқу 330

Ж.Әділбаев Содномын Чинзоригпен кездесті

<p style="text-align: justify;">Жалғас Әділбаев Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан-Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының&nbsp;тең төрағасы Содномын Чинзоригпен кездесті.</p>

Ж.Әділбаев Содномын Чинзоригпен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда зейнетақымен қамтамасыз ету, авиация, энергетика, дипломатиялық өкілдіктердің жер телімдерін пайдалану және қазақстан-моңғол іскерлік кеңесін құруды талқылады.  

Талқылау нәтижесі бойынша тараптар екіжақты үкіметаралық комиссиясының  8-мәжілісін сәуір айында Ұлан-Батырда өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Бұдан бөлек зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімді дайындау жөніндегі жұмыс тобының кезекті мәжілісін Нұр-Сұлтанда ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Аталған іс-шараларды өткізудің тараптар үшін маңыздылығы, оның қорытындылары Моңғолияның Премьер-министрі Ухнагийн Хүрэлсүхтың 2019 жылғы 10-12 қазанда Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болып табылатыны атап өтілді.

Уатқан Қуат,

Моңғолия

Бөлісу:
Ж.Әділбаев Содномын Чинзоригпен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар