Саясат
1 мин оқу 260

Қазақстанмен әріптестігімізді нығайтуға үміттенеміз - Майк Помпео

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен болған кездесуде айтты.</p>

Қазақстанмен әріптестігімізді нығайтуға үміттенеміз - Майк Помпео

Кездесуден кейін Майк Помпео Twitter парақшасына «Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның  Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу мүмкіндігі туды. Біз 2020 жылы Қазақстанмен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, әріптестігімізді нығайтуға үміттенеміз» деп жазды.

Кеше елордаға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның іссапармен келгенін хабарлаған едік.

Қазақстанға сапары барысында М.Помпео ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.  

Бөлісу:
Қазақстанмен әріптестігімізді нығайтуға үміттенеміз - Майк Помпео · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар