Технология
1 мин оқу 250

Қазақстан Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің өкілдері (KZ-CERT) Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік саласындағы технологияларды дамытудың өзекті мәселелеріне арналған CYBERTECH 2020 халықаралық конференциясына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қазақстан Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысты

Қазақстандық сарапшылар елдеріміз арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру тұрғысынан израильдік әріптестермен келіссөздер жүргізді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Израиль Премьер-Министрі кеңсесі жанындағы Киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық директоратпен, Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен (Israel-CERT), сондай-ақ жеке компаниялар өкілдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бөлісу: