Хоккей
1 мин оқу 233

«Авангардтан» айласын асырды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Ба&shy;рыс&raquo; клубы &laquo;Барыс Аренада&raquo; Омбы&shy;ның &laquo;Авангард&raquo; командасынан басым түсті.</p>

«Авангардтан» айласын асырды

Матчты тамашалауға жиналған 10 мың­нан аса жанкүйер 7 шайбаның куәсі болды. Тартысты өткен кездесудің бірінші ке­зеңінің соңында «Барыс» ойыншылары сан басымдығын пайдаланып, екі минутта «Авангард» қақпасына екі гол соқты. Алғаш Дмитрий Гурков есепті ашса, Кирилл Паню­ков таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

Екінші кезең басында Алексей Маклюков «Барыстың» үшінші шайбасын соқты. Арада бес минут өткенде Семён Ручкин есепті қысқартқанымен, Павел Акользин жылдам қа­рымтасын қайтарып, «Барыстың» жеңі­сін нақтылай түсті. Кезең аяқталар тұста «Авангард» сапынан Сергей Шумаков пен Кирилл Семёнов мергендігімен көзге түске­німен, командасына жеңіс сыйлай алмады. Қорытынды есеп – 4:3.

Бөлісу:
«Авангардтан» айласын асырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар