Спорт
1 мин оқу 250

Бокстан жасөспірім қыздар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда әйелдер боксынан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</p>

Бокстан жасөспірім қыздар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Ел чемпионатында жалпы есебі 254 спортшы қатысты. Қыздар 11 салмақ дәрежесінде бақ сынаса, жасөспірім қыздар 14 салмақта өзара жеңімпаздарды анықтады. 

Біріншілік қорытындысы бойынша 6 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль иеленген Алматы қаласы көш бастады. Екінші орында Жамбыл, үшінші орында Қарағанды облысы орналасқан. 

2020 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары: 

44 келі: Анита Адишева (Қарағанды облысы)

46 келі: Анель Айткешова (Павлодар облысы)

48 келі: Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы)

50 келі: Еңлік Бастыбаева (Алматы облысы)

52 келі: Элина Базарова (Шымкент)

54 келі: Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы)

57 келі: Айгерім Қабдолова (Алматы облысы)

60 келі: Аруза Балғабек (Алматы)

63 келі: Аида Жолдасова (Нұр-Сұлтан)

66 келі: Гаухар Шайбекова (Түркістан облысы)

70 келі : Валерия Семёнова (Шымкент)

75 келі: Үміт Әбілқайыр (Алматы)

80 келі: Камида Бажбенова (Қарағанды облысы)

+80 келі: Әсел Тоқтасын (Алматы)

Бөлісу:
Бокстан жасөспірім қыздар арасындағы ел чемпионаты аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар