Қазақстан
1 мин оқу 245

Шахмат: Нева жағалауындағы жарысқа қатысады

<p style="text-align: justify;">19-27 ақпан аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында шахматтан &laquo;Aeroflot Open &ndash; 2020&raquo; деп аталатын халықаралық турнир өтеді.</p>

Шахмат: Нева жағалауындағы жарысқа қатысады

Айтулы жарыстың А санатындағы сайысына есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс, көптеген дүбірлі додаларда жүлде алып жүрген Жансая Әбдімәлік пен Ринат Жұмабаев сынды атақты шахматшыларымыз қатысады.   

А санатындағы турнирде халықаралық шебер Әлішер Сүлейменов пен ФИДЕ шебері Арыстан Исанжұлов бақ сынайды.  

С санатындағы жарыста ФИДЕ шебері Арман Ержанов өнер көрсетеді.

Жүлде қоры 120 000 евроны құрайтын Нева жағалауындағы турнир швейцариялық жүйе бойынша өтеді. 

Бөлісу:
Шахмат: Нева жағалауындағы жарысқа қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар