Технология
1 мин оқу 330

Мектептердің 93%-ы интернет желісіне қосылған - Асқар Жұмағалиев

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев &laquo;Білім беруді цифрландыру&raquo; мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.</p>

Мектептердің 93%-ы интернет желісіне қосылған  - Асқар Жұмағалиев

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бірінші бағыты — адами капиталды дамыту бойынша бүгінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілген. 

Еліміздің барлық мектептері компьютермен жабдықталған. Мектептердің 93%-ы интернет желісіне қосылған.

Жоғары білім беруде 2019-2020 оқу жылына АКТ бағыты бойынша 19 мыңға жуық грант бөлінді.

Бұдан өзге, 2019 жылы Astana Hub базасында Аlem-i бағдарламалау мектебі және Astana IT Университеті ашылды. Ол жерде жаңа буын мамандары дайындалады.

Сондай-ақ халықтың цифрлық сауатын ашу курстары тұрақты түрде өткізілуде. Соның нәтижесінде цифрлық сауаттылық деңгейі 79%-дан асты.

2020 жылдан бастап бағдарламалау негіздерін оқыту 1-сыныптан бастап енгізіледі. Алматы қаласында екінші Аlem-i бағдарламалау мектебін және АХҚО базасында Нұр-Сұлтанда QWASAR бағдарламалау мектебін ашу жоспарланған. Осылайша, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80%-ға дейін жеткізу көзделген.

Сондай-ақ А. Жұмағалиев атап өткендей, денсаулық сақтауды цифрландыру саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда, оң нәтижелер бар. Бүгінгі таңда емделушілер және дәрігерлердің уақыты 50%-ға үнемделді.

Жалпы, дәрі-дәрмек саласында цифрландыру есебінен 23 млрд теңгеге жуық тиімділік белгіленген. 

Осы жылы аудандық деңгейге дейін емханаларды компьютермен 100% қамту жоспарда бар. Ал медициналық мекемелерді ақпараттық жүйелерге қосу 93%-ға жетеді.

Бөлісу: