Қоғам
1 мин оқу 170
Қыс басталғалы 3 млн текше метр қар шығарылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 220 техника мен 1 561 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бұл жайлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Ал 3 қаңтардан 4-не қараған түні қар тазалау, шығару жұмыстарына 1 033 техника мен 151 жол жұмысшысы тартылды.
Нәтижесінде, 2 996 рейс жасалып, 35 949 текше метр қар полигондарға төгілді.
Жалпы қыс маусымы басталғалы қала сыртына шығарылған қар көлемі 3 013 752 текше метрді (250 320 рейс) құрайды.
Бөлісу: