Қоғам
2 мин оқу 632

Хайуанаттар бағына қолғабыс көрсетті

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Волонтер жылы деп жариялауына байланысты еліміз бойынша еріктілер қозғалысы қарқын ала бастады. Бұл ізгі бастамаға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жастары да белсенді атсалысуда. Жуырда университеттегі &laquo;Еріктілер&raquo; клубының мүшелері Алматы хайуанаттар бағына қолғабыс жасап, қоқыстарды жинап, вольерлерді тазалап, жануарларды азықтандыруға көмектесті.</p>

Хайуанаттар бағына қолғабыс көрсетті

Алматы зообағы мен ҚазҰАУ-дың Тәрбие жұмыстары департа­мен­тінің ұйымдастыруымен өт­кен шараға университеттің Су, жер жә­не орман ресурстары факульте­тінен «Аңшылықтану және аң шаруа­шы­лығы» мамандығында, Технология жә­не биоресурстар факультетінен «Ара, құс және балық шаруашылығы» ма­ман­­дығында білім алатын студенттер қатысты.

Еңбектен тартынбайтын еріктілерді Алматы хайуанаттар бағы тарапынан директордың орынбасары Ағыбай Әжі­баев, Стратегиялық даму бөлімінің меңгерушісі Ақжами Рахимова және шаруашылық қызметкерлері мен секция жетекшілері қарсы алып, арнайы нұқсаулар берді. Зообақ мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастармен пікір алмасты. Оқу орнының Тәр­бие жұмыстары департаментінің директоры Бану Дүйсебайқызы, Су, жер және орман ресурстары факультеті де­канының тәрбие жөніндегі орынбасары Майя Викторовна, Технология және биоресурстар факультеті дека­нының тәрбие жөніндегі орынбасары Ұлжан Нұралиева және Әндия Серік­баева, Таңатар Қыдыров, Әлібек Әбдібек сынды ұстаз-ғалымдар да бі­лек сыбана жұмыс атқарып, жастарға үлгі көрсетті.

Алматы хайуанаттар бағы мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Білікті мамандар мен оқытушы-ғалымдар ҚазҰАУ студенттерінің тәжірибелік са­бақтарын ұйымдастырып, олардың ғылыми ізденістеріне бағыт-бағдар береді. Білім алушылар дипломдық жұ­мыстарына қажетті мәліметтерді осы зообақ мамандарынан ала алады. Алматы хайуанаттар бағы жа­нуарлардың түрлерін сақтау және оларды зерттеу жөніндегі халықаралық бағ­дарламалардың қатысушысы ре­тінде ERAZA, WAZA, SEAZA сияқты зоо­­бақтар мен аквариумдардың әлем­дік ассоциацияларына мүше. Қазіргі кезде зообақ заман талабына сай жа­ңару үстінде.

Волонтер жылына орай мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жал­ғас­а­тын болады.

Мұхтар БАЙБАТШАНОВ,

ҚазҰАУ-дың «Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Бөлісу:
Хайуанаттар бағына қолғабыс көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар