Аймақтар
1 мин оқу 350

«Қазақ күресін» мектептерде пән ретінде енгізу жоспарланып отыр

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Маңғыстау облыстық &laquo;Қоғамдық коммуникация орталығында&raquo; өткен брифингте қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов мәлімдеді.</p>

«Қазақ күресін» мектептерде пән ретінде енгізу жоспарланып отыр

«Жас өспірімдер арасында осы Қазақ күресінен біріншіліктің алғаш рет Ақтау қаласында өтуі, оған қолдау тапқаны қуантады. Өйткені, жылдан жылға ата-аналар тарапынан қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Осыған  орай, жаңа оқу жылынан бастап осы спорт түрін мектептерде пән ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Алдымен, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында пилоттық жоба ретінде іске асырылады. Бағдарламасы әзірленіп, мамандар даярлау барысы қолға алынды», - деді Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов.

Осы бағытта жылдың соңына дейін Қазақ күресі академиясы құрылып, мамандар дайындау жұмыстары жүргізілмек. 1-4 сыныптарға қазақ күресінен акробатика ретінде, ал 5-11 сынып оқушылары арасында арнайы пән ретінде өткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қыз балалар да осы спорт түрімен айналысуға мүмкіндіктер жасалған.

«Осындай беделді жарыстарды өлкемізде өткізу арқылы қазақ күресінің облысымызда қарқынды дамуына ерекше екпін береміз», - дейді ұйымдастырушылар.

Бөлісу: