Қоғам
1 мин оқу 222
Елорда әкімі тұрғындарды қабылдады
<p style="text-align: justify;">Тұрғындар кездесу барысында әлеуметтік көмек алу, қаладағы бітпеген құрылыстардың аяқталу мерзімі және тағы басқа мәселелерді көтерді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Былтыр аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігі 11 мыңнан астам адам қабылдады. 3 ауданның әкімдігінде «бір терезе» негізінде бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсететін «Open Akimat» ашылды.
Сонымен қатар азаматтарды қабылдау «Жанұя» орталығында да жүреді. 8 ақпан күні (сенбі) орталықта ашық есік күні өтеді.
Бөлісу: