Президент
1 мин оқу 251
Президент Конрад Аденауэр атындағы қор өкілі Томас Хельмді қабылдады
<p style="text-align: justify;">Кездесуде Томас Хельм Мемлекет басшысына Қордың Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен ұйымның елімізбен арадағы ынтымақтастығының перспективасы жайында айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Өкілдік басшысы Қазақстандағы цифрландыру, энергетика, дуальді білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары салаларын дамытуға, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жетілдіруге қатысты өз ойымен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Томас Хельмге өзінің жуырда Германияға жасаған сапарының нәтижелері туралы айтып, Қазақстанның аталған елмен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.
Бөлісу: