Аймақтар
1 мин оқу 220
Қызылорда: FlyArystan билеттері сатыла бастайды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандағы алғашқы лоукостер FlyArystan әуе компаниясы жақын арада Қызылордада билет сатылымын бастайды. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.</p>

Басқарма мамандары «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ мен аталған компания арасында өзара келісімшарт жасалғанын айтады.
Соған сәйкес ұшақтар 16 наурыздан бастап Алматы-Қызылорда-Алматы бағыты бойынша күнделікті, ал 20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Қызылорда–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 4 рет қатынайды.
Бөлісу: