Бизнес
1 мин оқу 3,124
ОПЕК+ келісімі өз жемісін бере бастады - Сауд Арабиясы
ОПЕК мүшелері мен оған кірмейтін елдер мұнай өндірісін азайту туралы келісімнің міндеттемелерін орындап жатыр, дейді Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих. Бұл туралы РИА Новости жазады.

"Мен экспорттаушы елдердің келісім шарттарын орындап жатқанына сенімдімін", - деді министр Әбу Дабидегі Дүниежүзілік энергетикалық форумда.
"Оңаша сөйлескенде экспорттаушы мемлекеттер өкілдері ОПЕК+ келісіміне оң қарайтынын айтты. Шикізат нарығы да бұл келісімнің арқасында оңалып, бағаның бірден көтеріліп келе жатқаны байқалады", - деді министр.
Бөлісу: