Хоккей
1 мин оқу 242

Символикалық құрамға енді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты өткен айды қорытындылап, символикалық құрамға енген хоккей&shy;шілердің есімін атады. Олардың қатарында &laquo;Барыс&raquo; ойыншысы да бар.</p>

Символикалық құрамға енді

Қаңтар айындағы ҚХЛ-дің құрамына мына хоккейшілер кірді. Қақпада Илья Сорокин (ЦСКА) мен Игорь Бобков («Авангард»). Қор­ғау­шылар – Микко Лехтонен («Йокерит»), Вячеслав Войнов («Авангард»). Шабуылды Антон Слепышев (ЦСКА), Кирилл Ка­­призов (ЦСКА) және Никита Михайлис («Барыс») үштігі түйіндеді. 

Айта кетейік, ҚХЛ ай сайын үздіктерді анықтап отырады. Ал оларды танымал хоккейшілер іріктеп алады. Мысалы қақ­па­шы­ларды Ресей біріншілігінің қола жүлдегері Александр Фомичев, қорғаушыларды Олимпия ойындарының қола жүлдегері Алек­сандр Гуськов, шабуылшыларды Гагарин кубогының екі дүркін иегері, Ресейдің үш дүркін жеңімпазы Алексей Бадюков таңдайды.

Бөлісу:
Символикалық құрамға енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар