Аймақтар
1 мин оқу 602

Түркістан облысында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылдық округінде сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске қосылған &laquo;AYKAN&raquo; ЖШС &ndash;інің өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өңделеді.</p>

Түркістан облысында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды

Өңдеу өнеркәсібіне «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 млн теңге және 24 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидия ретінде қолдау көрсетілген. Тұрақты жұмыспен 80 адам қамтылған зауытта түрік технологиясымен ірімшіктің 9 түрі шығарылады.

Сайрам ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев зауыттың ашылу салтанатына қатысып, облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу – Шымкент» және КХ-3 «Көксәйек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолдарының қайта құру, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан орталығы Ақсукент елді мекенін ретке келтіру жұмыстарын бағамдады.

1

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен бірге «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында көмек алған Қарасу ауылдық округі тұрғынының шаңырағында болып, бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді. Сондай-ақ сапар барысында облыс әкімі  Ақсукент ауылдық округіндегі ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана мен жедел жәрдем станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Емдеу мекемесі жақын күндері пайдалануға беріледі.

Бөлісу: