Қазақстан
1 мин оқу 284

Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы&raquo; заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқылауына шығарылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамды даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында<a href="https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=921311468287579&amp;id=100012262025729"> жазды.</a></p>

Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды

- Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Бүгін біздің Министрлік «Ашық Үкімет» сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды. Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады, - деп жазды Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылады.

- Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын, - делінген жазбада.

Бөлісу:
Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар