«Qazindustry» орталығының жаңа басқарма төрағасы сайланды
<p style="text-align: justify;">«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Берік Бекенов сайланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>
Бекенов Берік Темірғалиұлы 1980 жылы 19 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ аграрлық университетін, Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған. Мамандығы - инженер-механик, экономист. Түрлі жылдары Индустрия және сауда министрлігінің департаменттерінде қызмет атқарған. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Сараптама және жоспарлау орталығы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып келді.