Қоғам
1 мин оқу 250

Елімізде күнкөріс деңгейі өсті

<p style="text-align: justify;">Бір жылда Қазақстанда күнкөріс деңгейі 11,6 пайызға өсіп, 30 мың теңгеге жетті деп хабарлайды&nbsp;<a href="http://finprom.kz/">Finprom.kz</a>&nbsp;сарапшылары.</p>

Елімізде күнкөріс деңгейі өсті

Сарапшылардың мәліметінше, былтыр бұл көрсеткіш 26,9 мың теңге болған.

«Қаңтарда тауар мен қызмет түрлерінің бағасы 5,6 пайызға өсті. Азық-түлік тауарлары 9,2 пайызға қымбаттаса, қызмет түрлері 1,4 пайызға қымбаттады. Ең жоғарғы күнкөріс деңгейі - 35, 4 мың теңге. Ол Маңғыстау облысында. Бұдан бөлек, үштікке Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге) мен Алматы (33,1 мың теңге) қалалары кірді» дейді сарапшылар.

Сондай-ақ бұл тізімде Алматы мен Түркістан облысы бар - 30,7 мың теңге және 30,3 мың теңге.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі, сарапшылардың зерттеуінше, Павлодар (26,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,9 мың теңге) және Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстарында.

Бөлісу:
Елімізде күнкөріс деңгейі өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар