Қоғам
1 мин оқу 460

Жаңа тірек бекеттері

<p style="text-align: justify;">2020 жылдың 15 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның жекелеген аумақтарында тірек бекеттерін орналастыру туралы шешім қабылдады. Тірек бекеттеріне қарауылдық иттерді қолдану &laquo;Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы&raquo; заңымен және мекемелік бұйрықтармен негізделген.</p>

Жаңа тірек бекеттері

Шекарашыны итсіз елес­те­ту қиын. Шекарашы туралы кинолардың немесе шекара сақшыларына қойылған ескерткіштердің айнымас кейіп­ке­рі – ит. Иттің көмегімен шекарадағы есірткі, жарылғыш заттар тасымалы немесе шекарадан заңсыз өтуге талпыну сияқты кез келген құқық бұзушылық іс-әрекеттің жолы сенімді түрде кесіледі. Мысал келтіре кетсек, тек 2019 жылы ғана 34 заңсыз миграция каналының жолы кесіліп, 16 трансшекаралық қылмыстық топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұлардың көпшілігі арнайы үйретілген қызметтік иттердің көмегімен жүзеге асырылды.

Тәжірибе көрсетіп отыр­ға­нындай, шекарашылардың итін ешқандай техникалық прог­ресс немесе шекарашының кәсіби қырағылығы да алмас­ты­ра алмайды. Ғылым ит­тер­дің көру, иіс сезу, есту ана­лизаторларының адам мүм­кін­діктерінен жүздеген есе артық жұмыс істейтіндіктерін әлдеқашан дәлелдеген.

Ескерте кетейік, шекара­шы­­­лардың иттері шекарада өз бетімен қызмет етуге қа­жет­­ті негізгі әдістерге, соның ішінде қарауылдық қыз­мет ке­зін­­де бейтаныс адамдар­ды ұс­таудың агрессивті тәсіл­де­рі­не үйретілгендіктен жеке қа­уіп­сіз­дік­тері үшін азамат­тар­дың шекара сызығына жақын­да­мауы­на кеңес береміз.

Бөлісу:
Жаңа тірек бекеттері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар