Қоғам
1 мин оқу 261

Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды

<p style="text-align: justify;">16 қаңтардан 1 қазанға дейін темір жолдардағы көпірдің тірек бөлігінің күрделі жөнделуіне байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді.&nbsp;Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды

Қозғалыс шектеулеріне байланысты жолақтардың саны әр бағытта 4-тен 2-ге дейін азаяды. Аталған учаскедегі жүктемені азайту үшін автобус маршруттарын қоспағанда, көпірден солға Ш.Уәлиханов көшесіне бұрылуға уақытша тыйым салынған.

Сондай-ақ шамадан тыс жүктемені алдын алу үшін жақын маңдағы қиылыстарда жанама шаралар өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлау қажеттігі ескертіледі.

Бөлісу:
Елордадағы Бөгенбай батыр даңғылындағы жол қозғалысына шектеу қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар