Аймақтар
1 мин оқу 300

«Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсының жеңімпаздары анықталды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте орналасқан химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен &laquo;Ontustik Startup-2020&raquo; үздік жобалар конкурсы аяқталды.</p>

«Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсының жеңімпаздары анықталды

Әділ-қазылар алқасының шешімімен Ендібаева Аружан мен Елшібай Алияның «Бие сүтінен балмұздақ жасау» жобасы І орынға лайық деп танылды.

Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп – гимназиясының оқушылар Бақтыбай Ғабиден, Мусаев Жантөре «Jarvis» роботы жобасымен ІІ орынды жеңіп алды. «Ақылды жылыжай» жобасын ұсынған Тұран Елдос жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды.

Байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, оның 10-ы финалдық кезеңге жолдама алған.

«Үздік жобалар туризм, IT, Ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, Агро-бизнес бағыттары бойынша ұсынылған», - дейді шара ұйымдастырушылары.

Шымкент

Бөлісу:
«Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсының жеңімпаздары анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар