Қоғам
1 мин оқу 285

Қазіргі таңда Қордай ауданында жағдай тұрақты - Бердібек Сапарбаев

<p style="text-align: justify;">Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның атқарған жұмыстарын баяндады.</p>

Қазіргі таңда Қордай ауданында жағдай тұрақты - Бердібек Сапарбаев

«Қазіргі таңда жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органдарының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен 5 күннің ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19-ы полиция қызметкерлері. Өкінішке орай, 10 адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың отбасыларына жерілікті демеушілердің, әкімдіктердің тарапынан көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері қаза тапқан барлық азаматтың отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты. Барлық шараларына қатыстық. Қазіргі таңда Қордай аудандық ауруханасында 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған 9 адамды Алматы мен Таразға қайтардық. Алматыдан Қордай ауданына 10 жоғары білікті дәрігер келді», - деді Бердібек Сапарбаев.

Бөлісу:
Қазіргі таңда Қордай ауданында жағдай тұрақты - Бердібек Сапарбаев · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар