Теннис
1 мин оқу 144

ITTF Challenge кезеңінде топ жарды

<p style="text-align: justify;">Гранадада (Испания) үстел теннисінен ITTF Challenge Spanish Open кезеңі ая&shy;сындағы ірі халықаралық жарыс&shy;та Кирилл Герасименко жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

ITTF Challenge кезеңінде топ жарды

Аталған жарыстың финалында отандасымыз германиялық Бенедикт Дудомен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ше­шуші ойын 7 айналымға созылды. Алтыншы кезеңде есеп 3:3 болып тұрды. Соңғы айна­лымда Герасименко қателікке бой алдырмай, нәтижелі шабуылын үдетті. Нәти­жесінде, соңғы айналым 11:7 есебімен Гера­сименконың еншісіне шешілді. Осы­лайша, финалдық кезең 4:3 есебімен аяқталып, отандасымыз жеңімпаз атанды. Жарыс барысында қандасымыз барлығы 6 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді.

Бөлісу: