Қоғам
1 мин оқу 1,303

Кейбір облыс мұғалімдері 130 құжат толтыруға міндеттелген - А. Аймағамбетов

<p style="text-align: justify;">Мұғалімдерді қағазбасты жұмысқа салғандарға айыппұл салынады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов&nbsp;&laquo;Qazaqstan&raquo; телеарнасындағы &laquo;Ашық алаң&raquo; бағдарламасында айтты.</p>

Кейбір облыс мұғалімдері 130 құжат толтыруға міндеттелген - А. Аймағамбетов

«Педагог мәртебесі туралы» заңда тиісті нормалар бар. Біріншіден, 20-120 АЕК аралығында айыппұл салу қарастырылған. Екіншіден, біз алғаш рет мұғалімдер қандай құжаттарды толтыру керек деген сұраққа жауап бердік», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан унитарлы мемлекет болғанымен, бір заңға бағынғанымен, өңірлердегі жағдай назар аударуды қажет етеді.

«Бір облысты тексердік. Онда мұғалімге 130 құжат тексерту міндеттелген екен. Ең қынжылтатыны - ұстаздар сол құжаттарды, қаншама есептерді толтырады, бірақ бұл құжат, есептер ешкімге керек емес», - деді А.Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр ендігіде мұғалімдер нақты бес құжат қана толтыратынын айтты.

«Қазіргі уақытта біз тиісті тізімді дайындадық. Сол тізім бойынша пән мұғалімі нақты бес құжат қана толтырады», - деді ол.

Бөлісу:
Кейбір облыс мұғалімдері 130 құжат толтыруға міндеттелген - А. Аймағамбетов · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар