Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 172

Наурызда жекпе-жек өткізеді

<p style="text-align: justify;">Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық бокс&shy;шы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі&shy;нің мерзімі белгілі болды.</p>

Наурызда жекпе-жек өткізеді

WBC тұжырысы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы және WBC Asia белдігінің иегері Ахмедов өзінің 12-ші кездесуін  12-наруызда өткізетін болды. Бұл туралы Tiger Management промоутерлік компаниясы кеше өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз.

Отандасымыз соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобості (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Бөлісу: