Теннис
1 мин оқу 173

Аргентинамен күш сынасады

<p style="text-align: justify;">Халықаралық теннис федерациясының штаб-пәтері орналасқан Лондонда (Ұлыбритания) теннистен Федерация кубогының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.</p>

Аргентинамен күш сынасады

Жеребеге сәйкес, Қазақстан құрамасы Федерация кубогының келесі жылғы іріктеу кезеңіне қатысу үшін Аргентина теннис­ші­лерімен шеберлік сынасады. Кездесу алдағы сәуір айының 17-18 күндері өтеді. Әзірге бәсекенің қай жерде өтетіні белгісіз. Қазақ­стан мен Аргентина құрамалары бүгінге дейін кездеспеген.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өткен аптада Федерация кубогының биылғы іріктеу кезеңіне қатысып, Бельгия құрамасынан 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Бөлісу:
Аргентинамен күш сынасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар