Туристерді миллион дана қызғалдақпен қарсы алады
<p style="text-align: justify;">Биыл Шымкентте ерте көк­темде ең алғаш гүлдеп, қа­ла келбетіне ерекше сән бе­ретін 1 миллион 300 мың дана қызғалдақ гүлі егілді. Осы­лайша ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтар мен туристерді құлпырған әсем гүлдермен қарсы ал­мақ.</p>

Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтардың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті.
Қызғалдақтың гүлдеу маусымы аяқталғаннан кейін, орнына басқа да жаздық гүлдер егіледі. Биыл олардың саны екі есеге артпақ. Яғни, 2 миллионға жуық жаздық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, осы жылы көктем және күз айларында көпжылдық 25 мыңнан астам раушан гүл көшеттері мен 90 мың лигуструм бұтақшалары, 30 мың қылқан және жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылмақ. Осылайша әсем гүлдер мен жасыл желек үшінші мегаполистің ажарын аша түспек. Қаланы көгалдандыру ісіне жауапты мамандардың айтуынша, гүлдер суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егіледі.
Шымкент