Қоғам
1 мин оқу 363
Табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандықтар табысының тең жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайтын көрінеді. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.</p>

Сарапшылар жариялаған рейтингте Қазақстан 104 елден тұратын тізімде 96-орында тұр. Қазақстанның алдында Гондурас, Камбоджа, Гана елдері бар.
«Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі - 44,9 пайыз. Рейтингте көш бастап тұрған елдердің тізімінде АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия мен Аустрия бар. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Германия мен Нидерланды елдері кірді» делінген зерттеуде.
Осылайша, сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды екен. Сол себепті оларда ақша жинау мүмкіндігі болмайды дейді.
Бөлісу: