Аймақтар
1 мин оқу 683

300 мың гектар алқапта қар тоқтату жүргізілуде

<p style="text-align: justify;">Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірге түскен қардың қалыңдығы 30 сантиметрді құрайды.</p>

300 мың гектар алқапта қар тоқтату жүргізілуде

Облыста 30-ға жуық шаруа қожалығы қар тоқтату жұмыстарын жүргізуде. Шарбақты ауданында орналасқан «Победа» ЖШС де қар тоқтатуды бастап кеткен.

Басқарма мамандарының айутынша, қардың көп тоқтауы – егіннен мол өнімі алуға мүмкіндік береді.

Яғни,  топырақ ылғалды болса, 1 гектар жерден  10  центрнерден  өнім алуға болады.

Қазір «Победа» шаруашылығы қар тоқтату мақсатында жаңа  технологияларды қолдануда.

Мамандар тіпті,  «Победа» ЖШС-нің егістік алаңында болып, қалың қар басқан қабатты өлшеген.

Нәтижесінде, қар тоқтату жүргізілмеген аңыз бен сүдігердің биіктігі – орташа есеппен 25 см, ықтырмалы сүрі – 40 см, қар тоқтату жүргізілген аңыздың биіктігі 40 см-ді құраған.

Павлодар облысы

Бөлісу:
300 мың гектар алқапта қар тоқтату жүргізілуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар